Жергілікті өмір сүру бейнесі бар, бірақ қыста қар көп болғанда және азық жетіспеген кезде көшеді. Кешке және түнде белсенді. Гон ақпан-наурызда өтеді, жүктілік 67-74 күнге созылады. Негізгі қорегі – қояндар, кеміргіштер, еліктер, қабан мен тау текесінің төлдері, сирек құстар мен үй жануарлары. Негізгі жаулары және бәсекелестері – қасқыр, қар барысы.